Кітапханада «Кітап-сарқылмас қазына»- атты тақырыпта әдеби кейс болып өтті. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Жолдауында «Өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс. Біз кәсіптік және техникалық білім берудің мазмұнын толық жаңартпақ ниеттеміз», деп атап көрсеткені баршаға мәлім.
Кейс әдісін қолданудағы оқытудың табысты болуы модератор жұмысына байланысты. Оның негізгі мақсаты- оқырмандар бір командада жұмыс істеуге үйреніп, дерек көздерінің тапшылығына қарамастан, тез арада шешім қабылдау қабілетін қалыптастыру. Ашық пікірлер алмасу арқылы, әрбір оқырманның өз қабілетін, ортақ мәселелер шешуге қолдануына жағдай жасау. Кейс-әдісі білім алушылардың оқуға қызығушылықтарын арттырады және тұлғаның келешек маман ретінде қалыптасуына ықпал етеді.
